CTAgro GmbH (СТАгро ГмбХ) мәліметтерді қорғау түсініктемесі

Дайындалған мерзімі: 2018 жылдың сәуірі
Аталмыш мәліметтерді қорғау түсініктемесі біздің веб-сайтымызға кіргенде, өнімдерімізді сатып алғанда, бізбен байланысқа шыққанда немесе өзге де жолмен қызметтерімізді (ары қарай „қызметтер“) пайдаланғанда Сіздің жеке мәліметтеріңізбен байланысты әрекеттеріміздің негіздерін сипаттайды (әрекет етуші заң мен ережелерге сай жариялылық пен сәйкестік негізінде).
Осы құжатты мұқият оқып шығыңыз, осы арқылы біздің Сізге қатысты жеке мәліметтерді қалай және қандай ережелерге сай қолданатынымыз жайында ақпарат аласыз.
ЖАРАМДЫЛЫҚ АЯСЫ
Осы мәліметтерді қорғау түсініктемесі аясында  „Жеке мәліметтер”ұғымы барлық бізге Сізді жеке тұлға ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпаратты түсіндіре алады. Осы орайда ары қарай тағы да төмендегі “Жеке мәліметтерді тіркеу” бөлімін қараңыз.
Аталған мәліметтерді қорғау түсініктемесі барлық жеке мәліметтер үшін жарамды, оларды келесі жеке тұлғалар тобынан тіркейміз және пайдаланамыз:
1.    Клиенттер: Егер біз өзіміздің (Концерн) клиенттерімізбен кәсіпкерлік тұрғыда әрекет етсек (Business-to-Business) клиенттеріміздің және олардың өкілдерінің/байланыс жасау тұлғасының, мысал үшін электрондық пошта мекен-жайы, қызметтік телефоны және жекелеген өкілдің мекемесінің мекен-жайы сияқты жеке мәліметтерді тіркейміз. Осындай жеке мәліметтер әр түрлі тараптардан, мысалы өзіміздің веб-сайтымыздан, сату үрдісінде, телефонмен хабарласу кезінде, Сіздің бізге электрондық пошта арқылы немесе кәсіпкерлік іс-шара кезінде жіберген формулярларды толтыру барысында жинақталады. Осы мәліметтерді қорғау түсініктемесі жеке тұлғаға қатысты жеке мәліметті бөліп алу мүмкіндігі болмайтын жалпылама фирма жайлы ақпарат үшін жарамсыз.
2.    Веб-сайтты қолданушылар: Егер Сіз біздің веб-сайтымызды (клиент, клиенттің өкілі немесе басқа тұлға ретінде) қолдансаңыз, Сіз жайындағы жеке мәліметтерді тіркелу, қолдану, сатып алу, Сіздің сұрақтарыңыз және Сізге тікелей маркетингті жолдау үшін тіркелу және  автоматты түрде Сіздің веб-сайтымыздағы әрекеттеріңіз арқылы тіркеуге аламыз.
БІЗ КІМ ЕКЕНІМІЗ ЖАЙЛЫ
Осы веб-сайт [қажетті еншілес серіктестікті толық байланыс деректерімен бірге жазу] тарапынан бапталып басқарылады (ары қарай „[қажетті еншілес серіктестікті жазу]“, „Біз“ немесе „Біздің тараптан“). Парақша мазмұны Сіздің орналасқан жеріңіз бен  біздің қандай қызметімізді пайдаланатыныңызға тәуелді.
Егер Сіз біздің қызметтерімізді (мысалы, біздің өнімді сатып алу) осы веб-сайттан тыс пайдалансаңыз, қай Royal Reesink кәсіпорны Сіздің жеке мәліметтеріңізді қолданғаны үшін жауапты екендігі Сіздің Royal Reesink еншілес серіктестігімен арадағы келісім-шартқа қол қоюыңызға тәуелді.  Жауапты әрекет етуші Royal Reesink кәсіпорындарының тізімін осы жерден таба аласыз.
 
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ТІРКЕУ
Біздің қызметтерімізді пайдаланған кезде Сізден алынатын жеке мәліметтерге келесі ақпараттар жатады:
•    Сіздің байланыс деректеріңіз. Аты-жөніңіз, пошталық мекен-жайыңыз және өзге де Сіздің телефоныңыздың номері, электрондық поштаңыздың мекен-жайы сияқты Сізден алынатын басқа да байланыс деректері.
•    Автоматты түрде тіркелетін деректер: Егер Сіз біздің веб-сайтымызды пайдалансаңыз, Сіздің браузеріңіз немесе Сіздің құралыңыз арқылы деректерді автоматты түрде тіркейміз. Мұнда біз парақша қолданушыларын есепке алуда Cookies және басқа да техникалық мүмкіндіктерді (Google Analytics-ті қоса алғанда) сондай-ақ веб-сайтымызды тұтыну жайындағы мәліметтерді пайдаланамыз. Біздің Cookie-ге қатысты ережелерімізден бұл жайында көбірек біле аласыз.
•    Сіздің қаржылық мәліметтеріңіз. Біз (сұраным бойынша немесе ерікті түрде) қабыл алған және Сізбен клиент ретінде немесе оның өкілі, сондай-ақ жеке тұлға есебінде байланысты қаржылық мәліметтер, мысалы, банктік реквизиттер немесе есеп-шотқа қатысты ақпараттар.
•    Сіздің жеке басыңызға қатысты сипаттамалар. Бұған сонымен қатар Сіздің жынысыңыз және басқа да сипаттамалар жатады. Мұндай сипаттамалар Сізді белгілі бір клиент немесе оның өкілі ретінде сәйкестендіру үшін анықталады.
•    Бейне материалды түсіру.  Егер Сіз біздің ғимаратқа немесе мекемемізге тиесілі аумаққа кірсеңіз, Сізді бейне бақылау камералары жазып алады. Сонымен бірге біз қатысатын және біздің тарапымыздан бейне таспаға жазылып алынатын іс-шаралар мен көрмелер кезінде Сіз де бейне таспаға жазылып алынасыз.
•    Сіздің мамандығыңыз бен қызметтік лауазымыңыз. Бұған Сіз қызмет атқаратын нақты (бөлім) сала жайындағы ақпарат жатады.
•    Біздің қызметтерімізді пайдалануыңыз. Біз пайдалануыңызбен байланысып тұрған мәліметтерді тіркейміз, мысалы, бізден сатып алу (желі (онлайн) және сату ісі аясында), сатып алу сомасы, сатып алған күн мен орын, Сіз сатып алған өнім немесе қызмет түрі, төлем әдісі және т.б.
•    Сізбен қарым-қатынас жасау кезіндегі мәліметтер. Сізбен қарым-қатынас барысында электрондық пошта немесе желі арқылы келіп түскен Сіздің сұрақтарыңыз, Сіздің тарапыңыздан болуы мүмкін наразылық білдіру актілері және өзге де ақпараттар.
•    Барлық өзге де жеке бас деректері. Бұған Сіздің өз еркіңізбен бізбен бөліскен немесе сұраным бойынша келісім-шарт аясында алынған жеке басқа қатысты деректер жатады.
СІЗДІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗБЕН ҚАНДАЙ ӘРЕКЕТ ЖАСАЛАДЫ
[Қажетті еншілес серіктестікті жазу] Royal Reesink Сіздің жеке деректеріңізді заңнамалық мүмкіндіктер аясында келесі мақсаттарда тіркейді және пайдаланады. Бізде Сіз жайлы ұзақ уақыт бойы сақталып келе жатқан кейбір ақпараттар бірдей мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екеніне назар аударыңызды сұраймыз.
Сізбен болған келісім-шартты жүргізу үшін: Біз және Сізбен арадағы қол қойылған келісім-шарттардағы барлық міндеттемелерімізді орындап, Сіз қажет еткен ақпараттар мен қызмет түрлерін ұсыну үшін, сондай-ақ қажеттіліктеріңізді, сұрақтарыңызды немесе наразылықтарыңызды басқару мен өңдеуді қоса алғанда. Бұған сонымен бірге Сіздің сұрақтарыңызға қызмет көрсету бөлімінің тарапынан жауап беру, өтініштерді өңдеу, техникалық қолдау көрсету, Сіз пайдаланатын қызмет түрлеріне байланысты ақпаратпен бөлісу және т.б. жатады.
Біздің заңнамаға сәйкес сауда-саттық қызығушылығымыз үшін: Егер Сіз шынайы клиент болып табылсаңыз, біз Сіздің жеке деректеріңізді (құрама немесе жекелеп) Сізбен байланысу ақпараттары мен электронды сәйкестендіру үшін мәліметтерді қоса алғанда біздің өнімдеріміз бен қызметтерімізді мәлімдеуде Сізбен маркетинг я болмаса жарнамалау мақсатымен қарым-қатынас жасау кезінде қолданамыз. Осыдан басқа Сіздің жеке деректеріңізді сараптама жасауда және өнім мен қызмет сапасын жақсартуда пайдалануымыз мүмкін, мысалы, клиенттерге қызмет көрсету және Сізді клиент ретінде жақсырақ түсіну үшін (клиенттерді оңтайландыру). Сол арқылы Сізді не қызықтыратынын бағалай аламыз, сонымен бірге жарнамалық әрекеттіміздің пайдалы әсерін өзгелермен салыстырып, сараптаймыз және сәйкесінше жарнаманы ұсына аламыз. Осыдан бөлек біздің қызметтерді бұрынғы уақытта қолдануыңызға қарай Сіздің жеке қалауыңыз бен тәжірибеңізге сүйене отырып орайластырылған басқа жарнама мен маркетингтік материалдарды ұсынамыз.
Одан басқа Сіздің жеке деректеріңізді өзіміздің заңнамаға сәйкес сауда-саттық мақсаттарымызға қарай пайдалануымыз мүмкін, мысалы кәсіпкерлік іс-әрекеттерді жүргізу мен олардың аясын кеңейту үшін немесе қызметтерді түрлендіру мен қызмет түрлерін қолданушылар жайлы құралған статистикалық мәліметтерді жинақтауда, қауіпсіздік пен алаяқтықтың алдын алудағы көмекші құрал ретінде, веб-сайтымыздың жұмыс істеуі үшін және қателіктерді болдырмау, ақпараттарды сараптау, тестілеулер, зерттеулер мен статистикалық мақсаттарға сай кәсіпорынның ішкі үрдістері үшін, жүйенің үздіксіз жұмысы үшін (мысалы, хакерлерге, спамға қарсы әрекеттер), кәсібіміздің дұрыс жұмысы, кәсіпорындағы ережелер мен үрдістерді ұйымдастырып, кәсіпорындардың бір-бірімен қосылуы, сатылып кету, қайта ұйымдастыру немесе салалардың я болмаса [қажетті еншілес серіктестікті жазу] немесе Royal Reesink кәсіпорынды табыстау, банкрот және осыған ұқсас   еншілес кәсіпорындарының ауысуы сияқты кәсіпорындық транзакцияларды өткізу үшін немесе қолданыстағы заңға сай басқа да  заңды кәсіпкерлік мақсаттар үшін.
Мәліметтерді олардың мақсатына сай қолдану:
Біз Сіздің жоғарыда аталған „Жеке мәліметтерді тіркеу“ тарауында сипатталған жеке деректерді Сізге электрондық пошта немесе басқа да электронды көмекші құрал арқылы, телефон және пошта (мысалы, кітапшалар) арқылы маркетингтік баспаларды (мысалы, жаңалықтар, жарнамалық науқандар, өнімдердегі не болмаса қызмет түрлеріндегі жаңашылдықтар) жөнелту үшін қолдануымыз мүмкін, алайда бұндай әрекетке тек Сіздің келісіміңізді алғаннан кейін ғана бара аламыз.
Осыған қатысты өзіңіздің шешіміңізді кез-келген уақытта өзгерте аласыз, бұнымен төмендегі “Сіздің құқықтарыңыз”деген тарауда тереңірек танысуға болады.
Біздің заңды міндеттемелерімізді орындау үшін: Барлық „Жеке мәліметтерді тіркеу“ тарауында сипатталған жеке деректер біздің заңды түрде негіздерді ұстанатынымызды растауда қолданылуы мүмкін, бұға мысал ретінде адал жүргізілетін есеп жұмысы, заңнамалы түрде бекітілген ақпаратты үкіметтік орындар мен мекемелермен бөлісу, сондай-ақ заңға және бұйрықтарға бағыну немесе өзге де заңды талаптарды сақтауды алуға болады.
СІЗДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІҢІЗДІ АРЫ ҚАРАЙ ЖӨНЕЛТУ
Біз Сіздің жеке деректеріңізді келесі тұрған мекемелерге жөнелтеміз:
•    Royal Reesink Group компаниялар тобының мәліметтерді бақылау қызметі. Сіздің жеке мәліметтеріңіз жауапты Royal Reesink кәсіпорындарының ішінде жөнелтіледі. Бұлар Сіздің жеке мәліметтеріңізді, аталмыш мәліметтерді қорғау түсініктемесінде сипатталғандай ішкі әкімшілік, басқару мақсаттары, сараптама және өзге де кәсіпкерлік мақсаттарда қолдана алады. Сіздің жеке мәліметтеріңіз Royal Reesink кәсіпорындары тарапынан Сіз оған арнайы келісіміңізді берген жағдайда ғана маркетингтік мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Осы сұраққа жауапты Royal Reesink кәсіпорындарын шолу осы сілтемеде [BC(2] .
 
•    Қызмет көрсетуші мен мәліметтерді өңдеуші. Қажеттілік туындаған жағдайда біз үшінші тұлғаларды (қызмет түрін жеткізуші) жұмысқа тартамыз, мысалы:
o    Кәсіби серіктестер, жеткізіп берушілер (мысалы, IT-қызметтерін ұсынушылар) және келісім-шарттарды жүргізудегі қосалқы мердігер компаниялар, біз олармен қызметтерді жеткізу бойынша келісіммен байланыстамыз,
o    Қаржы институттары,
o    Лизингтік кәсіпорындар,
o    Телемаркетинг кәсіпорындары және басқа да жарнамалық фирмалар, олар біздің маркетингтік сұрақтарымызды өз мойындарына алады,
o    Сараптама және ғаламтордағы іздеу машиналарын ұсынатын компаниялар, олар бізге веб-парақшамызды ары қарай жақсарту мен оңтайландыруға көмектеседі, мысалы, Google Analytics компаниясы.
Өздері көрсететін қызметтері аясында олар жеке мәліметтерді алады, ашады, баптап, өңдейді. Біздің осындай қызмет көрсетуші компаниялармен келісім-шарттарымызда жеке мәліметтерді олардың өздеріне тиесілі маркетингтік мақсаттарына қолдануына тыйым салынады. Заңды жарлықтар және экономикалық өкілеттілік аясында үшінші тұлғалардан Сіздердің жеке мәліметтеріңізді тиісті түрде сақтап олармен жұмыс барысында біздің бекіткен нұсқаулықтарымызға сай әрекет етуін талап етеміз.
•    Арнайы сатушылар. Біз өзіміздің клиенттерімізге қызмет түрлерін тікелей немесе арнайы сатушылар арқылы ұсынамыз. Егер біз арнайы сатушыларды кірістірсек, оларға Сіздердің жеке мәліметтеріңізді тапсырып береміз. Қолданыстағы заңдарға және экономикалық өкілеттілікке сай арнайы сатушыларға Сіздердің жеке мәліметтеріңізді тиісті түрде сақтап олармен жұмыс барысында біздің бекіткен нұсқаулықтарымызға сай әрекет етуін талап қоямыз. Егер бұл жағдай заңды түрде алдын-ала бекітілсе, уақытынан бұрын Сіздің бұған келісіміңізді сұраймыз.
 
•    Үшінші тұлғаларға заң негізінде жөнелту. Осыдан басқа Сіздің жеке мәліметтеріңізді үшінші тұлғаларға жөнелтеміз, алайда егер бұл жағдай заңды түрде бекітілген немесе белгілі бір зерттеумен, заңды бекітумен, сот үрдісімен, соттық үкіммен немесе бізге қарсы соттық әрекеттермен немесе құқық қорғаумен не болмаса біздің және бізбен байланысты кәсіпорындардың немесе веб-сайттың қауіпсіздігімен байланысты қажетті болса.
 
•    Кәсіпорындық транзакциялар. Ары қарай біздің клиенттеріміз жайындағы ақпараттар жеке мәліметтерді қоса алғанда кәсіпорындардың бір-бірімен қосылуы, сатылып кету, қайта ұйымдастыру немесе салалардың я болмаса [қажетті еншілес серіктестікті жазу] немесе Royal Reesink кәсіпорынды табыстау, банкрот және осыған ұқсас еншілес кәсіпорындарының ауысуы аясында үшінші тұлғаларға жөнелтілуіне болады.
•    Келісім бойынша ары қарай жөнелтілу. Біз Сіздер жайлы ақпараттарды жеке мәліметтерді қоса алғанда кез-келген үшінші тұлғаларға жөнелтеміз, алайда Сізбен келісілген немесе осы талап етілген жағдайда.

СІЗДІҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІҢІЗДІ ШЕТЕЛДІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖӨНЕЛТУ
Көп жағдайда Сіздің жеке мәліметтеріңіз Европалық Одақ ішінде өңделеді. Алайда [қажетті еншілес серіктестікті жазу] Сізден алынған жеке мәліметтерді өзінің орналасуынан өзге басқа елдерге жөнелтіп, сол жерде өңдеткізеді. Сол елдердегі заң шығару тәртібі Сіздің жеке мәліметтеріңізге қатысты аса қатаң емес сақтауды талап етеді. [Қажетті еншілес серіктестікті жазу] және біздің тарапымыздан тартылған үшінші тұлғалар осындай жөнелту барлық тиісті қауіпсіздік шараларын есепке алып және барлық қолданыстағы заңдар мен жарлықтарға сай келетіндігіне кепілдік береді. Осы жағдай әсіресе жеке мәліметтерді Европалық экономикалық аймағынан тыс елдерге жөнелту кезінде іске асады. Бұл Сіздің мәліметтеріңізді алушымен арадағы заңды түрде осыған орай талапқа сай белгілі берілген жағдайда да Европалақ комиссия немесе басқа да басқарушы орган бекіткен келісім-шарттық қалыпты баптарды қоса ескеріп, келісім-шартты жасағандығымызды білдіреді.
Қажеттілік туындаған кезде gdpr@royal.reesink.nl арқылы туындаған қауіпсіздік шараларын растай алатын тиісті құжаттарды талап ете аласыз.
ҚАУІПСІЗДІК
[Қажетті еншілес серіктестікті жазу] тиісті техникалық, физикалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды Сіздің жеке мәліметтеріңізді бөгде адамның әсерінен немесе заңсыз қолданудан, өзгертуден, заңсыз кіру немесе бөлісу, байқаусыз немесе заңға қайшы келетін бұзақылық пен шығын келтіруден қорғау үшін қолға алады.
Біз өз тарапымыздан Сіздің жеке мәліметтеріңізге қол жетімділікті белгілі бір тұлғалармен ғана шектелуін қамтамасыз етеміз, ол түлғалар ақпаратты тек аталмыш мәліметтерді сақтау түсініктемесінде белгіленген мақсаттар үшін ғана қажет етеді. Осыдан басқа келісім-шарт негізінде Сіздің жеке мәліметтеріңізді өңдейтін үшінші тұлғалардың салыстырмалы түрдегі сенімі мен Сіздің жеке мәліметтеріңізге қол сұқпаушылығын сенімді түрде қамтамасыз ететіндігіне кепілдік береміз.
МӘЛІМЕТТЕРДІҢ САҚТАУ МЕРЗІМІ
Біз Сіздің жеке мәліметтеріңізді тіркеліп қолданылған мақсатына сай белгілі қажетті уақыт бойы ғана сақтаймыз (мысалы, оларды қажетінше Сізге клиенттік қызмет көрсету үшін, сұрақтарға жауап бере алу үшін немесе техникалық қиындықтарды шешу үшін), алайда кейбір жағдайда, егер аталмыш мәліметтер заңнамалық міндеттемелер немесе құқықтық талаптарды іске асыру үшін керек болса ұзақ уақыт аралығына сақталуға міндетті.
СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ
Қолданыстағы заңның тәртіптеріне сай Сіздің пайдалануға берген жеке мәліметтеріңізді қарауға, дұрыстауға, жаңартуға, бұғаттауға, пайдалану кезінде шектеу қоюға немесе өшіруге өтініш беруіңізге немесе қажеттілік туындағанда сол жеке мәліметтердің көшірмесін басқа мекемеге тапсыру үшін сұрауға құқығыңыз бар. Өтінішіңізді gdpr@royal.reesink.nl. электронды поштасына жолдаңыз. Біз Сіздің өтінішіңізді қолданыстағы заңнамаға сай қарастырамыз.
Өтінішіңізді білдірген кезде біздің мәліметтер банкіндегі қандай мәліметтердің өзгертілуі немесе өшірілуі я болмаса қандай қолданудың шектеулері қолданылуы тиіс екеніне ескерту жасаңыз. Біз Сіздің тілегіңізді кешіктірмей мүмкіндігінше тез орындауға тырысамыз.
Сіздің өшіру немесе өзгерту жайындағы өтініштеріңіздің уақытына қарай біздің белгілі бір жеке мәліметтерді тәртіпке келтірілген есеп және/немесе әлі де жүргізіліп келе жатқан транзакцияларды іске асыру үшін сақтап қоюға міндетті екенімізді дегенмен ескергеніңіз жөн.
Егер Сіздің жеке мәліметтеріңіз өзіңіздің тарапыңыздан болған шешіміңіздің негізінде өңделетін болса, бұл шешіміңізден әрдайым бас тарта аласыз, бұл шешіміңізді тиісті сұранымды электронды пошта арқылы gdpr@royal.reesink.nl электронды мекен-жайына жөнелту арқылы өзгерте аласыз. Мәліметтерді өңдеудің заңдылығына Сіздің бас тартуыңыздан бұрын шек қойылмайды.
Егер Сіздің ойыңызша Сіздің жеке мәліметтеріңізді тіркеу мен қолдану аталмыш мәліметтерді қорғау түсініктемесіне немесе қолданыстағы заңға қайшы келсе, ең алдымен Сіз кеңсеңіз орналасқан қатысушы елдегі басқарушы органға жүгініп наразылығыңызды білдіре аласыз.
ӨЗГЕ ВЕБ-ПАРАҚШАЛАР
Біздің веб-сайтымызда белгілі жағдайларда кәсіпкерлік серіктес, әлеуметтік желілер, салалық ұйымдар немесе байланысты кәсіпорындар сияқты үшінші тараптардың веб-сайттарының және сол веб-сайттарға сілтемелері болуы мүмкін. Егер Сіз сондай бір веб-сайттың сілтемесіне бассаңыз, осы сайттардың өздеріне тиесілі мәліметтерді қорғау түсініктемесі бар екеніне және біз ол ережелер үшін ешбір жауапкершілікті мойындамайтынымызға немесе кепілдік бермейтіндігімізге назар аударғаныңыз жөн. Осындай веб-сайттардың мәліметтерді қорғау түсініктемесін ол жерде өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді қалдырудан бұрын мұқият оқып шығыңыз.
ОСЫ COOKIE-ЕРЕЖЕЛЕРІН ӨЗГЕРТУ
Аталмыш мәліметтерді қорғау түсініктемесі уақыт ағымына байланысты қайта өңделіп отыруы мүмкін. Егер осы орайда түбегейлі түрге байланысты өзгеріс немесе Сіздің жеке мәліметтеріңіздің пайдаланылуы жайлы сөз етілсе немесе егер жаңадан өңдеу басқа мағынада Сіз үшін маңызды болса Сіздің өзгерістердің күшіне енуінен бұрын бұл жайында уақтылы хабардар болуыңызды қамтамасыз етеміз.
БАЙЛАНЫС
Сіздің осы мәліметтерді қорғау түсініктемесі немесе жалпы біздің Сізге тиесілі жеке мәліметтерге қатысты сұрақтарыңыз болса немесе Сіз өзіңіздің құқықтарыңызды білгіңіз келсе бізге электрондық хатты gdpr@royal.reesink.nl электронды пошта мекен-жайына жолдаңыз да өзіңіздің өтінішіңізді білдіріңіз.